Жаңалықтар

Құрметті басшылар!

Бәсекеге қабілетті және заман ағымымен бірге жүруді жоспарлауды үйренгісі келетін барлық адамдарға!

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Сіздерді Executive MBA бағдарламасы аясында әлемдік стандарттарға сәйкес келетін магистрлік бағдарламаларға, соның ішінде  ЕMBA «Іскерлік әкімшілік магистрі» – мамандығы бойынша  сапалы білім алуға шақырады!

Бағдарлама кімдерге арналған:

Executive MBA – Executive Master of Business Administration бағдарламасына –мемлекеттік қызмет өтілі кемінде екі жыл, бұл ретте басшылық лауазымында кемінде бір жыл, немесе ұйымда басшы лауазымында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі (квазимемлекеттік органдар) бар адамдар мен бизнес иелері (кәсіпкерлер) қабылданады. 

Бағдарлама кәсіби басқарушылар мен жоғары буын басшыларына, бизнес пен мемлекеттік органдардың тікелей коммуникациясы, аталмыш құрылымдардың өзара құрал алмасуы үшін мемлекеттік басқару жүйесінде корпоративтік басқару және тиімді менеджмент әдістерін қолданатын бизнес иелеріне; мемлекеттік басқару саласында әрі бизнес саласында қызмет ететін жоғары буын менеджерлеріне, жұмыс істеп тұрған және болашақ бизнес иелеріне, қазіргі бизнес-үрдістер арасындағы өзара байланысты түсінуге, менеджмент саласында жоғары сапалы білім алуға, бизнесті басқару үшін қажетті білім мен дағдыларға ие болуға талпынған кәсіпкерлерге арналған. Бағдарлама корпоративтік және мемлекеттік сектор өкілдері үшін ғылыми-кәсіби алаң құруға бағытталған.

Бағдарламаның артықшылықтары:

  • Қазақстан экономикасы үшін кәсіби көшбасшыларды даярлау;
  • «дағдарысқа қарсы» жаңа ойлау жүйесін қалыптастыру;
  • оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып, нақты жағдайларды шешу; 
  • оқытудың қазақстандық бизнес ерекшеліктерін ескеретін еуропалық сапасы мен стандарттары қарастырылған.

МВА бағдарламаларының түлектері бәсекелік артықшылықтарға ие, өйткені олар жалпы және стратегиялық менеджмент, маркетинг, қаржы, бизнесті дамыту, адами ресурстарды басқару, жобаларды басқару және басқа да салалар бойынша базалық білім мен дағдыларға ие болады.

Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 1 наурызынан бастап 5 маусымына дейін академияның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Барлық мәліметтер www.apa.kz  веб-сайтында немесе                          +7 7775417734 телефоны арқылы білуге болады