Жаңалықтар

     2021 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е.Қ. Әбіл мен бірінші вице-ректор Е.Ш. Дүсіпов Академияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу филиал директоры С.Е. Ковалевтің сөзімен басталып, филиалдағы жүргізіліп жатқан істердің барысымен таныстырды. Сонымен қатар 2020 жылдың қортынды есебін, филиалдың даму перспективасы мен болашағы туралы баяндады.
    Отырыста «Оқытудың тиімділігі – құзыреттілікке негізделген тәсіл» жобасын іске асыру туралы сөз қозғалды, жобаның ең басты идеясы мемлекеттік қызметшілердің оқу үдерісіндегі құзыреттіліктерін дамыту ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінде ары қарай ілеспелі қолдау көрсету туралы идеялар да талқыға түсті.
    Шарада филиалды дамытудың маңызды мақсаттарының бірі – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен тығыз өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы да сөз қозғалды. Аталған департаменттің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Н.Т. Еркебаев болашақтағы жоспарлары туралы өз ойларымен бөлісті.
     Академия ректорымен «Қуатты Филиалдар – Қуатты Академия» стратегиялық бастамасы аясында дамудың маңызды бағыттары бойынша, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерді оқытудың тиімділігін мемле кеттік органның, аймақтың және тұтастай ел дамуының стратегиялық көрсеткіштерін арттыруға байланысты мазмұнды – қызу талқылау өтті. Осы ретте ректор Ерлан Әбіл: «Академия мемлекеттік қызметшілерді оқытудың тиімділігін елдің дамуының стратегиялық басымдықтарына қол жеткізу тұрғысынан қарастырады», – деген ойын ортаға салды.
    Мұндай кездесулер Академияның даму перспективаларын кеңейтуге және осы үдерістегі филиалдардың рөлін білуге, ал ол өз кезегінде қызметкерлердің мотивациясы мен ресурстық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.