2021 жылғы 28 қаңтар күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрлан Тәңірбердіұлы Еркебаев Департаменттің 2020 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша брифинг өткізді.
Н. Еркебаев Департамент қызметінің басты бағыттары мемлекеттік қызметтің жай-күйі, мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуы және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша жүргізілген жұмыстармен таныстырды.
Брифингке ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының директоры С.Э.Ковалёв пен облыстық әкімдік аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Р. Арыстанбек қатысты.
