Құрметті оқырмандар! Сіздерді Мемлекеттік басқару Академиясының 2020-2023 жылға арналған стратегиясымен таныстыруды әрі қарай жалғастырамыз! Бүгінгі кезекте 5 Стратегиялық бастама


Академияда Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, 2017 жылы мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығы құрылды, оның мақсаты – жобалық менеджментті енгізу және дамыту арқылы мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру.

Академия қызметінің негізгі басым бағыты – мемлекеттік басқару саласында жобалық жобалық менеджмент пен үдерістік тәсілді қолданудың үздік тәжірибелерін біріктіру және қолдану болып табылады.

АКАДЕМИЯ:

Мемлекеттік басқаруда жобалық және үдерістік менеджментті енгізу және дамыту бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлейді;

Жобалық менеджмент және үдерістік тәсіл мәселелері бойынша мемлекеттік билік органдарына қолдау көрсетеді.
Академия мен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне қызметкерлердің құзыреттілігін бағалаудың үздік тәжірибелерін енгізбей, қол жеткізу мүмкін емес. Осы бағытта Академия бақылаушы-сарапшылар тобының , қатысушылардың мінез-құлқын бағалауы негізінде қызметкерлердің / кандидаттардың әлеуетті табыстылығын тексерудің кешенді әдісі арқылы қызметкердің кәсіби қызметтегі әлеуетті табыстылығына бағалау жүргізеді.

Ол үшін Академияда 2019 жылдың тамыз айында Құзыреттерді бағалау орталығы құрылды. Тексеру жүргізудің осы форматы Академия қызметіндегі жаңа бағыт және «Президенттік Жастар кадрлық резерві» жобасы аясында қолданылып, сәтті сынақтан өтті.

Академия үшін жаңа тегеурінді талаптар:

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, оның ішінде Академияның қызметкерлеріне психометриялық тестілер арқылы бағалау жүргізу;

Кәсіби даму институтымен бірлесіп пилоттық жоба шеңберінде мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерінің құзыреттілігіне бағалау жүргізу, осы әдісті мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмысқа қабылдау рәсіміне енгізу.