Жаңалықтар

Сәлем достар! ⠀

 
2020 жылдың 07-11 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет. Тиімді коммуникациялар» тақырыбында онлайн семинар өтіп жатыр.

Бүгінгі бағдарламалада: Мемлекеттік қызметшінің күйзеліске төзімділігі мен эмоционалдық икемділігі.
Тренер: Сейлханова Бакыт Кауатаевна – Академияның ШҚО бойынша филиалының штаттан тыс оқытушысы, Өскемен медициналық колледжінің оқытушысы.

 

?Мемлекеттік қызмет – бұл көп еңбек етуді қажет ететін, өте жауапты, жоғары кәсіби дәреженің және күйзеліске төзімділіктің болуын талап ететін ауыр жұмыстардың бірі. Бұл қызметте әрқашан да жағымды психологиялық климат пен эмоционалдық қысымды шешу мүмкіндіктері жоғары бағаланады.
☑️Тренинг барысында түрлі психологиялық жаттығулар ұйымдастырылып, олар біздің тыңдаушыларға, яғни мемлекеттік қызметшілерге өз болмыстарын одан да жақсы түсінуге, әлдеқайда үйлесімді болуға, өздерінің жақсы және жаман жақтарын көруге, өзге адамдарды жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар тренинг барысында тыңдаушылар бойынан табылуға тиісті жоғары моральдық қасиеттерді талқылады. Парасаттылық, жауаптылық, прагматизм, икемділік, күйзеліске төзімділік, сенімділік сияқты қасиеттерге баса назар аударылды.
☑️Тренинг нәтижесі бойынша тыңдаушылар өз әрекеттері, шешімдері және нәтижелері үшін жауаптылықты өз мойнына алуды үйренді, сондай-ақ шектеулі уақыт пен эмоциялық қысым шарттарында да жұмыстың тиісті сапасын қамтамасыз ете білу құралдарын меңгерді. Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық білдірді және практикада оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа дағдыларды қолданды.
?Семинарлар мен курстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша: ?+7 777 541 7734
?Vko.info@apa.kz