Жаңалықтар

ОНЛАЙН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ

? Бүгін – 2020 жылдың 21 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалында «Латын графикасы негізіндегі ресми хат алмасу және іс жүргізу» тақырыбында 8 сағаттық онлайн семинар басталды.
?Мақсаты: Тыңдаушылардың латын графикасы негізінде ресми мәтіндерді оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру

?Онлайн семинардан күтілетін нәтижелер: Жаңа әліпби негізінде ресми стильдің емле-ережелерін біледі, орфографиялық нормаларды игереді; ресми мәтіндерді құрастырады және оқу дағдыларын қалыптастырады; жаңа әліпбиде құжат мәтінін құрастырады; ресми жазылымның ерекшеліктері мен талаптарын меңгереді.
?Қазір ғалымдардың ұсынған латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің 3-нұсқасы халыққа толықтай таныстырылып, талқылану үстінде. Зиялы қауым, басқа да салалардың ғалымдары, яғни қоғам болып, басқа елдердің тәжірибелеріне сүйене отырып, олардың тиімді жақтарын алу үшін әлі де зерттеліп, зерделенуде. «Акут» тәсілімен әзірленген нұсқаның тиімділігі талқылау барысында анықталуда, яғни бір дыбыс – бір таңба принципі жазуға да, оқуға да ыңғайлы. Латын әліпбиіне көшуде біз қол жеткізетіндей келесі басымдық, қазіргі үштілділік саясатымен де сабақтастығы бар.
?Академияның ШҚО бойынша Филиалында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарында латын графикасына негізделген қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері қамтылған жобамен таныстыру семинарларында тыңдаушылар үлкен қызығушылық танытып, қызу талқылауда. Талдау, талқылау барысында көптеген сұрақтар туындап жатады. Атап айтқанда, 1940 жылдарға дейін қолданыста болған таңбаларды неге пайдаланбаймыз, акут тәсілі несімен тиімді? Егер акут тәсілі қолданылса, оқу барысында екіұшты түсінік қалыптастыратын sh, ch диграфтары неге қосылды? I (і), I (и,й) әріптерінің үлкен таңбалары неге бірдей? Ағылшын тілі арқылы әбден үйреншікті болып қалған Uu – Уу,Yy – Ұұ,Ýý – Үү таңбалары осылай алмастырылса, деген сұрақтар мен ұсыныстар айтылып жатыр.
?Жоғарыдағыдай сұрақтарға жауап беру барысында семинар тыңдаушыларына алдымен, әліпби әзірлеудің тәсілдерін, сондай-ақ терминдерді қазақ тіліне енгізгенде түпнұсқадағы түрі ескерілетінін және кірме сөздерді қазақ тілінің орфографиялық нормаларына икемдеу принципі басшылыққа алыну керектігін түсіндіру маңызды.
??‍?Семинарды жүргізуші: СЕЙІЛХАН АЙГҮЛ ҚАУАТАЙҚЫЗЫ – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының доценті; ф.ғ.к.
Семинарлар мен курстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша: ?+7 777 541 7734
?Vko.info@apa.kz