Қазақстан Республикасы Президентінің жанындагы Мемлекеттік басқару академиясының абитуриенті Заманбеков А.М. «Duolingo» туралы өзінің тәжірибесімен бөлісті⬇️⠀
?«Мен Duolingo English test сынағын а. ж. 10 маусымында өттім. Тест нәтижелері маған 2 күннен кейін жіберілді.⠀
♦️Сайтқа тіркелгеннен кейін 15 минутқа созылатын сынақ сынағы болады. Алайда, дайындық кезінде сынақ тестіне ғана сүйенуге болмайды. Сынақ тесті ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайды және тестілеу форматымен танысуға мүмкіндік береді. Төлем жасау үшін банк картасының тиісті деректерін енгізгеннен кейін автоматты түрде 49 доллар алынады. Валюта айырбастау бойынша алаңдаудың қажеті жоқ, себебі ол автоматты түрде іске асады.
⠀
♦️Бұл тесттің артықшылығы – оны кез келген ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерде тапсыруға болады. Сондай-ақ, тест IELTS TOEFL немесе Aptisке қарағанда тек 60 минут уақыт алады. Бұл ретте тілді меңгерудің барлық дағдыларын (listening, speaking, writing, reading) көрсету қажет. Сондықтан ағылшын тілін кешенді түрде үйрену қажет.
⠀
♦️Дайындалған адам міндетті түрде қажетті балл алады деп сенемін. Тест нәтижелерін әлемнің көптеген мекемелері қабылдайды. Бұл ағылшын тілін меңгеру деңгейін толық көрсетеді деген сөз.»
👋Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!
