?Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Әкімшілік бөлімінің кеңесшісі лауазымына білікті үміткер іздейді.
⠀
✅Сіз Филиалдың әдебиетті пайдаланушыларға ақпараттық-библиографиялық және кітапханалық қызмет көрсетуді жүзеге асырасыз және қызмет көрсетудің есебін жүргізесіз.
⠀
✅Филиал қызметіне қатысты оқиғалар мен іс-шаралар туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде баспасөз хабарламаларын және басқа да ақпараттық материалдарды (мақалалар, баспасөз хабарламалары, сұхбаттар) уақтылы дайындайсыз.
➡️Сізге іріктеуден сәтті өту үшін мыналар қажет:
?тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласында қосымша дайындық;
?мамандығы бойынша және/немесе қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
?біліктілікті арттырудың және/немесе оқыту бағдарламаларына қатысудың қазақстандық және халықаралық сертификаттарының болуы;
?стратегиялық ойлау; өзгерістерді басқару және жақсарту; тиімді шешімдер қабылдау; ынтымақтастық және серіктестік; әлеуетті арттыру; ұйымшылдық және жауапкершілік; білім беру қызметінің тұтынушыларына бағдарлануы; білім беру саласындағы заңнаманы білу; кітапхана ісінің негіздерін білу;
? қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру.
✅Егер Сіз өзіңізді осы лауазымға лайықты деп санасаңыз, өз үлесіңізді қосуға және бізбен бірге үздіксіз дамуға дайын болсаңыз, өз түйіндемеңізді 2020 жылдың 22 маусымына дейін vko.info@apa.kz адресіне жіберіңіз.