Жаңалықтар

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама нормативтік құқықтық актілерінің жобалары

 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы оқытушылары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама нормативтік құқықтық актілерінің жобалары»   тақырыбында семинарға қатысты. 

    Шараны Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры өткізді.   

     Қор президенті Зауреш Батталова, қордың ғылыми жетекшісі М.Габдуалиев  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің теориялық және практикалық әдіснамасын түсіндірді. 
 
       
 
 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында 20 қаңтар күні мемлекеттік қызметшілерге арналған «Латын әліпбиі және ресми хат алмасу» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары басталды. Семинар 24 сағатқа жоспарланған.  Семинарды филиал доценті, ф.ғ.к. А.Сейлхан жүргізеді.
 
 
 
 
20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалында   «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік басқарушы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы басталды. Курс мазмұны 120 сағатқа жоспарланған.
Филиал директоры С.Ковалев құттықтау сөз сөйлеп, курс тыңдаушыларына сәттілік тіледі.