Новости

«Қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының тиімді құралдары»

Бүгін, 10.02.2020 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалында «Қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының тиімді құралдары» тақырыбындағы біліктілікті арттыру семинары басталды. Семинар 10-12 ақпан аралығында өтеді.
Семинар барысында тыңдаушыларымыз келесі құзыреттіліктермен таныс болады:
— Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
— Шешім қабылдау
— Қызметті басқару
— Стреске төзімділік
Семинарға қатысушыларды сабақтың басталуымен құттықтаймыз және оқу барысында пайдалы, жағымды әсер мен білім алуға тілектеспіз.
Қош келдіңіздер! Академияның ШҚО бойынша филиалы Өскемен қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 4 мекен-жайы бойынша түрлі семинарларға қатысуға ниет білдірген барлық мемлекеттік қызметкерлерді күтеді.