27-29 қантар аралығында өткен «Кәсіби коммуникация стратегиясы, келіссөздер және қақтығыстарды шешу» тақырыбындағы біліктілікіті арттыру семинарына Иманғалиева Аида, Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің бас мамаңы өз сторисын ұсынады.
Барлығы менің 2020 жылдың 27 –қантарында «Кәсіби коммуникация стратегиясы, келіссөздер және қақтығыстарды шешу» тақырыбындағы біліктілікіті арттыру семинарына келуімнен басталды. Әріптестермен танысу «лифтілік таныстырылым» әдісінен басталды. Бұл жағдайда өзара ынтымақтастықтық ахуалы туындағаны байқалды.
Бірінші күннен-ақ мен оқыту еркін қарым-қатынас жағдайында өтетінін тусіндім. Себебі, оқытушының ашықтығы сенім атмосферасын құруға ықпал етті. Оқу барысында кәсіби коммуникация стратегиясы, келіссөздер, қақтығыстарды шешу және ресми жазылымда латын әліпбиін қолдану тақырыптары бойынша тренингтер ұйымдастырылды. Тренингтер барысында пікір алмасу, топтық шешім қабылдау, жеке адамның тұлғалық типтерін анықтау және кейстерді шешу әдістері арқылы біз маңызды дағдыларға иелендік. Оқу барысында мен топтарда жұмысты қалай жүргізуге болатынын және ол үшін қандай стратегияларды қолданатынын білдім. Әр тыңдаушының пікірі маңызды және топ барысында өзара келісімге келуде кезігетін қиындықтар анықталды. Тренер тренинг барысында туындайтын барлық сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты кеңімен ашты.
Қорытындылай келе, семинар нақты құрылымдалған, оқу барысында жеке және кәсіби сипаттағы мәселелерді конструктивті шешу дағдыларымен таныстым. Үш күн бойы қаныққан, мазмұнды болды.
Мен осындай топ тағы тамаша адамдармен және кәсіби, жоғары білікті оқытушылармен танысқаныма өте қуаныштымын. Осындай семинарларды ұйымдастырғандығы үшін ҚР Президенті жанындағы мемлекетттік басқару Академиясының ШҚО бойынша филиалының ұжымына шын жүректен алғысымды білдіремін.
Кириллица өткелінде заманның,
Латын болмақ келешегі даламның.
Келісу мен қақтығысу әр кезде,
Бір бөлшегі қарым-қатынаста адамның.
Стратегия коммуникациялық тиімді,
Адамдарға тән болады білімді,
Шағын топта жұмыс істеу әр кезде,
Көтермейді қызметкерлер мініңді
Бірге ойлап, бірге таптық шешімін,
Ұмытпаймын 16 адамның есімін
Жетеміз биік белестерге бәріміз
Ақтауменен оқытушы еңбегін!