Жаңалықтар

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Академияның VIII Ассамблеясы

 

Ағымдағы жылдың 2-4 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Академияның VIII Ассамблеясы (МАКА) өтті.        

Осы шара  аясында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы МАКАмен бірлестікте «Орталық Азия мен Ауғанстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастық» тақырыбында семинар өткізді.  

Семинарда әртүрлі елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру саласындағы жұмыс тәжірибесі қызықты әңгіме ретінде өтті. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу шараларының басымдығына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қоғамдық институттардың тәуекелдерін бағалау, азаматтық қоғамды тарту, қақтығыстарды  басқару сынды тақырыптар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейту жұмыстары талқыланды.

Семинар жұмысында әртүрлі елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына салыстырмалы талдау жасалды, жетістіктері бағаланды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудағы жаңа тәсілдерді жүзеге асыру жұмыстары жоспарланды.