Жаңалықтар

Президенттік жастар кадр резерві

 

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуден өту үшін тіркелуден сәтті өткендерге арналады!

12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 00.00-ден 23.59-ге дейін іріктеудің екінші кезеңі-кандидаттарды тестілеу басталады.

❗️Іріктеуге қатысушылардың назарына: тестілеуден сәтті өту үшін үміткерлер онлайн-тестіден өту уақытын елордалық уақыт бойынша сағат 23:59-ға дейін аяқтайтындай етіп жоспарлауы қажет.

✔️Бұрын біз тест үміткердің күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталғанын түсіндірдік.

ℹ️Құрметті кандидат, «Қабілеттерді тестілеу» кезеңінен өту үшін Сізге Pkrezerv.kz сайты арқылы өзіңіздің ЖЕКЕ кабинетіңізге кіріп, іріктеу кезеңдеріне (оң жақ панельдегі) өту қажет. Мұнда «Қабілеттерді тестілеу» түймесін басу керек.

?Бұдан әрі келесі қадамдық нұсқауларды орындаңыз:

• Тест басталғанға дейін Сізге ?тұтынушы келісімін МҰҚИЯТ оқып шығу және оның шарттарын қабылдау керек.

❗️Тестілеуге берілген уақыт өткеннен кейін бағдарлама автоматты түрде жабылатынына назар аударыңыз.

Сіз пайдаланылатын ?компьютердің техникалық мүмкіндіктері және интернет жылдамдығы (кемінде 5мб/сек) үшін өзіңізге жауаптылықты аласыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ❗️❗️❗️БРАУЗЕРДІҢ (САЙТТЫҢ) ТЕРЕЗЕСІН ЖИЫРҒАН НЕМЕСЕ ЖАПҚАН ЖАҒДАЙДА «ТЕСТІЛЕУ» ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ АВТОВАТТЫ ТҮРДЕ ЖАБЫЛАДЫ?.

• Тұтынушы келісімін қабылдайтындығыңызды міндетті түрде растауыңыз қажет✔️.

• Тестті өту үшін, Сізге өзіңізге ыңғайлы тілді таңдау қажет және тесттен таңдалған ????тіл бойынша өтетін боласыз.

❗️❗️❗️НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: тілді 1 (бір) рет қана таңдауға болады, себебі, келесі «Тестілеуді верификациялау» іріктеу кезеңі де Сіздің осы кезеңді өткен тілде жүргізілетін болады.

• Тілді таңдағаннан кейін, жүйе Сізді тестілеу платформасына бағыттайды, онда Сізге ?нұсқаулықпен мұқият танысу керек.

• Бірінші тест сандық, одан әрі вербалды.
?Ескертпе:
– әр тесттің ұзақтығы-25 минут.
– әр тест 25 сұрақтан тұрады.
– әр тапсырмада БІР ҒАНА дұрыс жауап бар.

Тестпен жұмыс істеу үшін Сізге калькулятор?, шимайлауға арналған қағаз??қаламсап немесе ✏️қарындаш қажет болады.

?Сізге барынша тез әрі нақты жұмыс істеу қажет. Сіз тестті орындауға кіріскен кезде экранның жоғарғы оң жақ бұрышында таймер орнатылатын болады. Жауапты сақтап, келесі сұраққа өту үшін «Одан әрі» түймесін басыңыз, әйтпесе Сіздің жауабыңыз сақталмай қалады
.
• Сонымен қатар тестілеудің алдында Сізде уақыт есептелмейтін тест тапсырмаларының үлгілеріне жауап беріп көру мүмкіндігі болады.

Тест үлгілерін тапсырып көргеннен кейін Сіз тестілеуді бастай аласыз немесе тест үлгілерін қайта тапсырып, ?нұсқаулықты тағы да оқи аласыз.

• Тестілеуді аяқтағаннан кейін Сіз өзіңіз жауап берген сұрақтардың жалпы санын көре аласыз. Барлық жауаптардың толтырылғанына көз жеткізгеннен кейін «ТЕСТІЛЕУДІ АЯҚТАУ» түймесін басуыңызға болады❗️.

• Сандық тестті аяқтағаннан кейін «Вербальды тест» түймесін басыңыз.

Вербальды тестті бастамас бұрын Сіз ?нұсқаулықпен танысып, үлгілі сауалдардан өте аласыз.

• «БАСТАУ» түймесін басу арқылы Сіз тест тапсыруға кірісесіз✔️.

• Тестілеу аяқталғаннан кейін сол сәтте Сіз берілген өзіңіздің нәтижелеріңізді көресіз (дұрыс жауаптардың саны көрсетіледі)??.

• Сіздің ?рейтингке сәйкес қорытынды нәтижеңіз Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2019 жылғы 14 қазанда сағат 12:00-ден кешіктірілмей кандидаттың жеке кабинетіне жіберіледі.

• Сізге сәттілік тілейміз!??