Жаңалықтар

Жобаны қорғау

 

2019 жылдың 20 қыркүйегінде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалында Б корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курсы тыңдаушыларының жобалары қорғалды.

         Жас мемлекеттік қызметшілердің-қоғамдық сананың жетістігін жаңғыртуы мемлекеттік қызметтің үлкен идеясыменсабақтасты: «жобалық менеджментті және оның іс жүзінде қыр-сырын қолдана отырып, экономиканың тұтастай өсуіне қол жеткіземіз, мен бұл идеяға өте сенемін!».Комиссия мүшесі-«Шығыс Адалдық» алаңы жетекшісі Березинская-Абилова Елена Николаевна өз пікірін жеткізді: «Бүгін, мен комиссия мүшесі болып, «барлық қорғалған 5 жобаның Шығыс Қазақстан облысына бейімделгенін» атап өткім келеді. Топ мүшелерінің нақты жобалық көрінісі және көкейкесті мәселелерді көрсете білді. Біз жалғыз басты қарттар мен сүйіспеншілікті қажетсінетін жетім балаларды күнделікті қарбаласта ұмытып кеттік, ал жоба қорғаушылар «Baqitti otbasi» интеграцияланған әртүрлі жастағы орталық құру идеясын ұсынды. Біздің жас мемлекеттік қызметшілер азаматтық бастамалар идеясын іске асырғысы келеді. Олар әлеуметтік-маңызды жобаларды талқылау бойынша тұрғындар мен әкімдіктің диалогы үшін «Тыңдайтын мемлекет» бағдарламасын іске асыру шеңберінде сайт құруды ұсынды, онда азаматтық жобаларды талқылауға, өз ұсыныстарына дауыс беруге немесе басқа жобаны қолдауға мүмкіндік алды.