Новости

🔻20 ақпан Нұр-Сұлтан. ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы.

16 филиалдан 16 кабинет меңгерушілері алғаш рет бас қосты.
Кездесудің негізгі мақсаты жаңа форматтағы семинарлар мен курстарды ұйымдастырудың ең тиімді әдіс – тәсілдерін меңгеру. Екі күндік әдістемелік семинардың жұмысы таңғы 9 -дан басталып кетті.1⃣-ші күн. Бірінші сағатта, Академия басшылығы 2020-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясымен таныстырып, алдыға қойылып отырған міндеттерді атап өтті.
Келесі сағатта Оңтүстік Кореядан шақыртылған арнайы қонақ Джо Гю Юнның тренингіне қатысу бақытына ие болдық, ол жерден оптимистік көңіл-күймен, алдыға үлкен жоспарларды қою керектігін түртіп шықтық.
Үзілістен соң, «Елді аумақтық-кеңістікті дамытудың басымдықтары» атты 3 күндік семинардың қортындысы ретінде жобаларды қорғау жұмысында қатыстық.
Қазір академияның тұрақты бизнес-тренерлерінің бірі Ерлан Мустафин бізбен өз тәжірибесімен бөлісуде.
Барлығы динамикалық жылдамдықта, көтеріңкі көңіл—күйде өтіп жатыр.
Алдымызда әлі бірнеше кездесулер бар…